Пациенттің жолы

Пациенттің жолы

Өмірдің әдеттегі ырғағына теріс әсер ететін дімкәстіктің, өзін-өзі сезуніде қандай да бір өзгерістердің пайда болуы

Жақын ортамен кеңесу, интернеттен ақпарат іздеу, ұқсас симптомдары бар адамдармен, дәстүрлі емес медицина өкілдерімен және т.б. сөйлесу*


* Бұл кезең уақтылы диагностикаға және емді тағайындауға теріс әсер етуі мүмкін, өйткені мамандандырылған білімі жоқ пациент өздігінен диагноз қоюға және өзіне дұрыс емес ем тағайындауға тырысуы мүмкін


Учаскелік терапевтке/жалпы практика дәрігеріне тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық ұйымына (МСАК) нәтижелер негізінде медициналық кеңес алу үшін жүгіну:


A) клиникалық тексеру, оның ішінде анамнездік деректерді талдау (өткен аурулар мен жарақаттар, операциялық араласулар, жүктілік, тұқым қуалаушылық және т.б. туралы ақпарат) және қажет болған жағдайда,

B) клиникалық-зертханалық/клиникалық-аспаптық тексерулер.

Келесі жағдайларда тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде және (немесе) жүйеде учаскелік мамандардың жолдауынсыз амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге жол беріледі:1

1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар кезінде;

2) пациент шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету жөнінде жүгінген кезде;

3) пациент дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар (псориазды қоса) бойынша бейінді маманға жүгінген кезде;

4) пациент жүктілік бойынша есепке қою жағдайларын қоспағанда, акушер-гинекологқа және тіркелген жері бойынша психологқа жүгінген кезде;

5) пациент онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруға күдік бойынша бейінді маманға жүгінген кезде;

6) пациент жастар денсаулық орталықтарына жүгінген кезде;

7) пациент динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына бейінді маманға жүгінген кезде;

8) ауруға байланысты жүгінген бір жағдай шеңберінде бейінді маманда қайта қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңа түзілімге күдік болған кезде;

9) жылжымалы медициналық кешендермен және медициналық поездармен қызмет көрсету кезінде.


Клиникалық диагноз қойылғаннан кейін МСАК дәрігері/бейінді маман емдеуді тағайындайды және клиникалық хаттаманы сақтай отырып, пациенттің келесі келуінің мерзімдері мен жиілігін анықтайды2. Емнің үздіксіздігін беруді және қамтамасыз етуді (бейінді маманмен өзара әрекеттесу) МСАК дәрігері бейінді маманмен бірлесіп «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті және ведомстволық бұйрықтарды басшылыққа ала отырып, емнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді* (төменде қараңыз)

* Сіздің жолыңыздың кез келген кезеңінде сіз пациенттерді аурулар бойынша біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардан (КЕҰ)/пациенттер ұйымдарынан көмек пен қолдау сұрай аласыз. КЕҰ деректері туралы ақпаратты дәрігерден, интернеттен және/немесе әлеуметтік желілерден алуға болады.

Дәрілік заттарды алу арналары

Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға3 республикалық деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен беріледі. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеп жүрген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде ТМККК алуға құқығы бар. ТМККК азаматтарға сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (жеңілдікті санаттар) құқылы4


Мемлекет жарналарды төлейтін халықтың жеңілдетілген санаттарына мыналар жатады:

  1. балалар;
  2. жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
  3. жұмыс істемейтін адамдар (баланың заңды өкілдерінің бірі);
  4. баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған адамдар;
  5. жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  6. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  7. мүгедектігі бар бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
  8. бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
  9. зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  10. қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  11. тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
  12. жұмыс істемейтін қандастар;
  13. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  14. мүгедектігі бар адамдар;
  15. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына3 жергілікті деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі негізінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен қосымша ұсыну.

Қайырымдылық жарналары есебінен5. «Қазақстан халқына» ҚҚ бекіткен тізбелер бойынша сирек (орфандық), онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар пациенттерді қамтамасыз ету.

Осы қор арқылы қамтамасыз етілетін Дәрілік заттардың тізбелерімен алдын ала танысу қажет.

Ерікті медициналық сақтандыру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлеміне енгізілген медициналық қызметтерді, сондай-ақ шығыстарын сақтандыру ұйымы өтейтін қосымша бағдарламаларды алуға мүмкіндік беретін жеке сақтандыру түрі болып табылады3.

Пациенттің құқықтары


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексіне сәйкес пациенттің4 -ке құқығы бар:

профилактика, диагностика, емдеу үдерісінде лайықты қарау, өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарау;

шұғыл және жедел көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдау, ауыстыру;

ықтимал тәуекел мен артықшылықтар, ұсынылатын және баламалы емдеу әдістері туралы ақпарат, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, диагноз, болжам және емдеу шараларының жоспары туралы ақпаратты қолжетімді түрде алу, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіру, сондай-ақ өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;

көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін; тағайындалатын дәрілік затқа; оған медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлеріне қолжетімділігін ескере отырып, өздерінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны және қосымша төлем мөлшері, оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алу;

медициналық көмек алуға өзінің ақпараттандырылған келісімі берілгеннен кейін медициналық көмек алу;

денсаулық жағдайы туралы ақпарат беруі керек адамды тағайындау.


Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес пациенттің төмендегіге құқығы бар:6

денсаулықты қорғау;

заңда белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алу;

мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардан заңда белгіленген негіздер мен тәртіппен ақылы медициналық көмек алу.

Пайдалы сілтемелер/байланыстар:

Егер сіз медициналық көмектің сапасына риза болмасаңыз, онда сіз жүгіне аласыз:

Әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейтін пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (аудит)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кері байланыс арналары7

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі кеңсе:

Сенім телефоны:

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының Call-орталықтары8
«е-Otinish» Веб-сайты9. Мемлекеттік органдарға өтініштер беру, түрлі облыстардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ОМО/ЖАО сарапшыларының ҚР тұрғындарымен/азаматтарымен сұрақ-жауап форматында тікелей өзара әрекеттесуге арналған платформа
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы;

“Сұрақ қою/шағымдану” сайтында өтініш беру;10;

ҚР барлық филиалдарының байланыстары11;

Қордың тәулік бойғы бірыңғай байланыс орталығы 1414

“СК-Фармация” ЖШС бірыңғай дистрибьюторының кері байланыс арналары (ТМККК/МӘМС шеңберінде препараттарды жеткізу мәселелері бойынша)12

Байланыс орталығы:

1439

Басқарма төрағасының блогына өтініш13