JANSSEN компаниясы туралы

JANSSEN компаниясы туралы
2012 жылдан бері JANSSEN Қазақстанда

жұмыс істейді және әлеуметтік маңызы бар аурулар үшін инновациялық шешімдерді ұсынып келеді:


Денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға ұмтыламыз

Қазақстанда Janssen келесі стратегиялық бағыттарға назар аударады:

Денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды дамыту
Пациенттер мен жергілікті жұртшылықты қолдау
Тарих – болашақтың сәулетшісі

Доктор Пол Янссен ХХ ғасырдың көптеген адамдарға шабыт сыйлаған ең көрнекті ғалымдарының бірі болғаны белгілі. Оның жұмысының нәтижесінде медицинаның әртүрлі салаларында, соның ішінде ауырсынуды басу, психиатрия, инфекциялық аурулар, микология және гастроэнтерологияда жаңалықтар ашылды. Өзінің тынымсыз еңбек жолында 100-ден астам патентке ие болды.

Бүгінгі таңда доктор Янссен жасаған 18 дәрінің атауы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізгі дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілді.
Әлемдік ғылыми қауымдастық арасында Пол дәрігер деген атпен танылған ол өз ісіне шын берілген өте дарынды ғалым болды. Ол заманауи медицинада төңкеріс жасап, тұтас бір зерттеушілер буынын ғылыммен айналысуға жігерлендірді. Пол дәрігер 1926 жылы 12 қыркүйекте Бельгияның Тюрнхаут қаласында дүниеге келген. Ол өте кішкентай болғанда оның төрт жасар әпкесі туберкулезден қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға оның санасында мәңгі қалып қойды және оны болашақ мамандығын таңдауға итермеледі.
1953 жылы Пол дәрігер Бельгияның Берсе қаласында Janssen Pharmaceutica N.V. зерттеу зертханасын құрды. Дәл осы жерде миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектескен 80-нен астам дәрілік препараттарды әзірлеу негіздері пайда болды.
Ол жасаған дәрі-дәрмектердің бірі пациенттерге үйде емделуге мүмкіндік беретін жаңа антипсихотик еді. Ол ойлап тапқанға дейін психикалық ауытқуларды емдеу елеулі жанама әсерлердің пайда болуымен байланысты болды. Пол дәрігер сонымен бірге әлемде ең көп таралған анестетикті, сондай-ақ диареяны емдейтін препаратты әзірледі, бұл аурудың салдарынан дамушы елдерде мүгедек болып қалғандар және қайтыс болғандар өте көп. Ол сондай-ақ АИВ/ЖИТС емдеуге арналған бірқатар қосылыстарды зерттеумен айналысты. Оның соңғы үміттерінің бірі көптеген дәрі-дәрмекке төзімді туберкулезді емдеуге арналған құралды табу болды. Пол Янссеннің өмірі миллиондаған пациенттер сарғая күтетін шешімге айналған дәрі-дәрмектерді жасауға арналды.
Janssen Pharmaceutica N.V. компаниясы 1961 жылы Johnson & Johnson корпорациясының құрамына кірді.

JANSSEN әлем аясында

Janssen ауруларды өткен шақта қалдыратын болашақты жасағысы келеді. Біз Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниялар тобы ретінде бүкіл әлемдегі пациенттердің осы болашаққа жетуі үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз ғылымдағы озық жаңалықтар көмегімен ауруларды жеңіп, тапқырлығымыздың арқасында терапия мүмкіндіктерін арттырамыз, адамдардың сөнгуге шақ қалған үміттерін жалғауға ынталымыз.

Біз пайдамызды барынша тигізу үшін медицинаның жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболизмнің бұзылуы және офтальмологиялық аурулар, иммунитетке байланысты жай-күйлер, жұқпалы аурулар мен вакциналар, неврология, онкология және өкпе артериялық гипертензиясы салаларына назарды көбірек аударамыз.

Толығырақ https://www.janssen.com/ сайтынан білуге болады.

«Янссен» «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС фармацевтикалық тауарлар бөлімшесі Janssen, Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниялар тобына кіреді.

Дәрілік заттарды қауіпсіз пайдалану туралы

Пациенттердің қауіпсіздігін ойлау біздің компания үшін басым бағыт болып саналады. Компания өнімнің тиісті, қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету және қолдану кезінде пайда болуы мүмкін қаупін азайту үшін өнімнің бүкіл өмірлік циклы бойындағы қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректерді талдайды.

Фармакологиялық қадағалаудың негізгі мақсаты дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтау, бағалау, түсіну және алдын алу болып табылады.

Фармакологиялық қадағалау саласындағы өз міндеттемелерін орындау үшін Компания әртүрлі ақпарат көзінен, соның ішінде дәрігерлер мен тұтынушылар көмегімен ақпарат жинау арқылы өнімнің қауіпсіздігіне үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Олардың хабарламалары халық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете отырып, Компания өнімдері туралы құнды кері байланыс алуға кепілдік береді.

Хабарламалар +7 727 356 88 11 телефоны арқылы тәулік бойы қабылданады.