Дәрігерге қаралуды қалай барынша пайдалы қылуға болады?
Сіз дәрігерге қойғыңыз келетін сұрақтарды ойластырып, оларды жазып алыңыз және оларды қабылдауға келгенде өзіңізбен бірге ала келіңіз.
Қаралудың басында осы сұрақтарды өз емдеуші дәрігеріңізге қойыңыз. Қаралудың соңын күтіп отырмаңыз — сол сәтке дейін дәрігерде сұрақтарға жауап беретін уақыт қалмай қалмауы мүмкін.
Сіз отбасыңыздың мүшесіне немесе досыңызға өзіңізбен бірге дәрігердің келесі қабылдауына бару жөнінде осындай мүмкіндікті маманмен алдын ала келісіп алған соң ұсыныс жасай аласыз. Олардың сіздің дәрігермен сұхбатыңыздың жазбасын түсіріп алу мүмкіндігі бар.
Дәрігердің қабылдау кезінде айтқанының бәрін есте сақтап алу кейде қиын. Сондықтан сіз келесі жолы салыстырып тексеру үшін жазба түсіріп алған дұрыс. Бұдан бөлек, көптеген смартфондарда қазір диктофон функциясы бар. Сізге кеңесудің дыбыстық жазбасын түсіріп алу және оны кейінірек тыңдап шығу қолайлы болуы мүмкін. Сіздердің өзара әңгімеңізді жазып алатыныңыз жөнінде міндетті түрде дәрігерге ескертіңіз.
Кейде кеңес кезінде немесе емдеу барысында сіз өзіңізге бейтаныс медициналық терминдерді естіп қалуыңыз мүмкін. Ондай жағдайларда дәрігерден немесе мейіргерден сізге беймәлім сөздердің мағынасын түсіндіруді өтініңіз.
Көп түрлі миеломаның дамуына қарай оның симптомдарының айқындылығы да артуы мүмкін. Симптомдар әртүрлі пациенттерде ерекшеленуі мүмкін. Осындай симптомдарды жеңілдетудің ең көп тиімді тәсілдері бойынша нұсқаулар төменде ұсынылған. Емдеуші дәрігермен немесе мейіргермен, әсіресе, өз жай-күйіңіздің күрт өзгерістері тұсында үнемі кеңесіңіз. Сіз, жалпы алғанда, өмір сапасын жақсартуға арналған профилактикалық шараларды да қабылдай аласыз:
Бұл сізге өз жай-күйіңіз жөнінде өте нақты мағұлұмат алуға көмектеседі.
Бұдан бөлек, бұл ақпарат сіздің жай-күйіңіздің барлық ерекшеліктерімен таныс емес дәрігердің (мысалы, стоматолог) қабылдауында пайдалы болуы мүмкін.
Сіздің ауруыңыз сүйектер ауыруымен қатар жүруі мүмкін. Ол, әдетте, арқаның, қабырғалардың және жамбас аумағының тұрақты сырқырап ауыруы түрінде көрініс береді. Ауыруды басатын дәрілерді қабылдаудан тыс, сүйектер ауыруын жеңілдетудің басқа да әдістері бар:
Оны өз емдеуші дәрігеріңізбен талқылаңыз.
Олар сіздің ауыруды басатын дәріңіздің дозасын түзету немесе ауырсынуды жеңілдетудің басқа әдісін ұсыну үшін дәрігермен немесе мейіргермен сөйлесіңіз.
0-ден 10 дейінгі шкаланы пайдаланыңыз, онда 0 — ауырудың болмауы, ал 10 — шыдатпайтын ауыру.
Ауыру ұстамасы қаншалықты ұзаққа созылады және ондай ұстамалар қаншалықты жиі байқалады?
Бұл қысқа мерзімді ұстама немесе тұрақты ауыру ма?
Тұрақты сырқырайтын немесе кенеттен жедел ауыруды ма?
Невралгия — көп түрлі миеломаның болжамды симптомдарының бірі, сонымен қатар, кейбір емдеу әдістерінің болжамды жағымсыз әсерлерінің бірі23.
Невралгияны шеткері нейропатия деп те атайды. Ол келесі симптомдармен қатар жүреді:34
Қатты қалжырау — көп түрлі миеломаның кең таралған симптомы, сондай-ақ кейбір емдеу әдістерінің болжамды жағымсыз әсерлерінің бірі5. Миелома эритроциттер санының төмендеуімен де қатар жүруі мүмкін, бұл анемияға (эритроциттер санының төмендеуінен боалтын темір тапшылығына) алып келеді5.
Шектен тыз тез қалжырау анемия симптомы болуы мүмкін35. Қатты қалжыраудың келесі көріністері болуы мүмкін5:
Егер сіз осыған ұқсас симптомдарды байқасаңыз, олар жөнінде міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.
Көп түрлі миелома иммундық жүйеге (организмді инфекциялар мен аурулардан қорғайтын табиғи жүйеге) ықпал етеді. Көп түрлі миеломаны емдеуге арналған кейбір препараттар да иммундық жүйені әлсіретуі мүмкін. Бұл сіздің инфекцияларға ерекше сезімтал болып кетуіңіз мүмкін екенін білдіреді34.
Инфекция, әдетте, температураның көтерілуімен (38 °C-ден жоғары) көрініс береді, бірақ басқа да симптомдары болуы мүмкін:45
Инфекцияның қандай да бір белгілері пайда болғанда бұл жөнінде дереу мейіргерге немесе дәрігерге мәлімдеңіз.
Көп түрлі миелома өз алдына бүйрек функциясының негізгі бұзылу себебі болып табылады. Бұдан бөлек, кейбір дәрілік препараттар бүйректің жағдайына ықпал етуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылуының болжамды симптомдарына үнемі шөлдеу сезімі, жүрек айну және несеп шығаруға жиі қысылу жатады6.
Сізде көп түрлі миелома, сенімсіздік сезімі және кері эмоциялар диагностикаланса — толығымен табиғи реакция. Сіз абыржу, үрей, жабырқау мен тіпті ызалануды сезінуіңіз мүмкін және сізде адамдармен араласу ниетіңіз жоғалып кетуі мүмкін. Үнемі осылай бола бермейді, алайда ондай эмоцияларды түсіндіруге де, түсінуге де болады. Сіз әркім өзінше реакция беретін күрделі ахуалда қалдыңыз. Егер сіз аурумен немесе емдеумен байланысты үрей сезінсеңіз, оны міндетті түрде өзіңізді емдеуге қатысатын медициналық қызметкерлердің біреуімен талқылаңыз.
Айтса, айтқандай, «білім — күш». Сіз ақпаратты қанша көп алсаңыз, сіздің жағдайды бақылауда ұстап отырғаныңыз сонша күштірек сезіледі. Осылайша сізге таразыланған шешімдер қабылдау оңайырақ болады.7
Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Сіз зейініңізді жорамалдау мүмкін болмайтын нәрсеге емес, осы жерде және тура қазір бақылау мүмкін болатын жайтқа және өз өміріңіздің сапасына шоғырландырыңыз.
Жақсы күндерде сіз өзіңіздің алдыңызға шағын мақсаттар немесе орындалатын міндеттер қоя аласыз: мысалы, серуенге шығу немесе досыңызбен телефон арқылы тілдесу. Әрқашан бір нәрсемен шұғылдану үшін күрделі емес міндеттердің тізімін құрастырыңыз. Күн сайын орындалған міндеттерді сызып отырыңыз.
Егер сізге бір нәрсені істеудің сәті түспесе, осы міндетті ертеңге ауыстырыңыз. Ең бастысы — өз өміріңізге бір мезгілде көп өзгеріс енгізбеуге тырысыңыз.
Күнделік сізге өзіндік сезімдеріңізді тізгіндеп отыруға көмектеседі. Сізге оның бетіне туындайтын симптомдар немесе жағымсыз әсерлер туралы да жазып отыруыңызға болады.
Кейде көп түрлі миеломамен тіршілік ету және оның көп түрлі симптомдарын қалыпқа түсіру өте қиын болады.
Сіз осындай ахуалды бастан кешірген адамдармен тәжірибе алмасу үшін пациенттік ұйыммен жалғасуыңызға болады:
«Гемобластоздармен науқас мүгедектер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі
E-mail: gemoblastoz@mail.ru
Бұл - практикалық та, эмоциялық та қолдау көрсететін тамаша бастау.
Өз ауруыңызды, еміңізді және сізді мазалайтын нәрсенің бәрін өз туыстарыңызбен талқылағанда ашық болыңыз.
Олар сізді қанша жақсы түсінген сайын сізге сонша көп қолдау көрсете алады.
Оларға сізде туындаған сауалдар мен күмәндар жақсы таныс. Бұдан бөлек, олар шын мәнінде бағалы қолдау көрсетуі мүмкін.
Стресс немесе жағымсыз эмоциялар депрессияға ұласа бастайтын сәтті жіберіп алмау өте маңызды. Егер бұл сіздің басыңызда болса, бұл жөнінде міндетті түрде емдеуші дәрігерге немесе мейіргерге мәлімдеңіз.
Олар сізді қажетті көмек көрсететін психолог немесе психиатрға жолдайды.
Кейде сіздегі депрессияның себебі неден екенін достарыңыз немесе отбасы мүшелері түсінбей қалады. Олармен ашық әрі адал сөйлесіңіз және олардың тарапынан осындай адалдық күтетініңізді ұқтырыңыз.
Қойылған диагноз және емдеу сізді басқа адамға айналдырмайды, алайда, өзіндік өмір салтыңызға өте маңызды мәнге ие болуы мүмкін орындалатын аздаған өзгерістер енгізуге болады. Осы өзгерістерді де емдеуші дәрігермен немесе мейіргермен талқылау керек.
Сіз дімкәстану немесе стресс сезініп жүрсеңіз, дұрыс тамақтану қиынға түседі.
Емдеу курсы кезінде және одан кейін бұл одан да қиын бола беруі мүмкін8.
Кейбір препараттар мен емдеу әдістері дәм сезу түйсіктеріне ықпал етуі мүмкін, бұл тәбет жоғалтуға алып келеді8.
Емдеу сіздің тамақтану дағдыларыңызға және дәм сезу түйсіктеріңізге ықпал ете ме, етпей ме? Егер оң ықпал етсе, мәселені шешудің мүмкін болатын тәсілі — сіз өзіңізді әбден жақсы сезінгенше әр 2-3 сағат сайын аздаған бөліктермен ауқаттаныңыз.
Емдеуші дәрігер немесе диетолог сізге кейбір тамақтану дағдыларыңызды өзгертуге кеңес беруі мүмкін. Мысалы, кейбір өнімдер (теңіз өнімдері немесе пастерленбеген ірімшіктер) иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда инфекциялардың даму қаупімен байланысты, сондықтан олардан бас тартқан дұрыс8. Басқа өнімдер, керісінше, сіз үшін ерекше пайдалы, өйткені олар (дәрумендер мен минералдық заттар мөлшері жоғары өнімдер) иммунитеттің нығаюына ықпал етеді немесе күш береді (нан, макарон өнімдері)8.
Тәбет төмендеп кеткенде мейіргер немесе диетолог сізге өз рационыңызға құнарлы тағамды қалай барынша тиімді қосу керектігі жөнінде кеңес береді. Сізге тамақтанулар арасында тағам қоспаларын қабылдауға кеңес берілуі мүмкін3.
Істің мәнісі – дұрыс теңгерімде. Төмендегі кестеде сіздің тамақтану рационыңыздың қандай компоненттерден құралатыны көрсетілген. Қант және (немесе) май мөлшері жоғары өнімдердің сіздің рационыңыздың ең аз бөлігін құрауы тиіс екеніне көңіл бөліңіз. Суды жеткілікті мөлшерде ішуді және алкоголь тұтынуды шектеуді ұмытпаңыз.
Жүктемесі жеңіл дене жаттығулары (жүру немесе йога сияқты) —59
Өз денеңізге ден қойыңыз және ахуалыңыз қалыпты болмаса, өзіңізден тым көп нәрсе талап етпеңіз. Егер жаттығулар ауырсыну тудырса, дереу оларды жасауды тоқтатыңыз. Дене жаттығуларының қандай типі сізге сай келетінін емдеуші дәрігермен немесе мейіргермен талқылаңыз.
Стресс күйін басатын қарапайым тәсілді табыңыз. Өзіңізді жақсырақ сезіну үшін досыңызбен сырласуға, сүйікті саздарыңызды тыңдауға немесе босаңсуға берілуге болады. Босаңсуды сезіну міндетті түрде дене жүктемесінен кейін туындамайды. Көптеген адамдар музыка тыңдап немесе басқа әдістерді пайдаланып, босаңсуға беріледі. Босаңсу әдістемесі тым күрделі болмауы аса маңызды. Егер сіз психологқа немесе психотерапевтке барып жүрсеңіз, оларға көп түрлі миеломадан зардап шегіп жүргеніңізді баяндаңыз. Сіз қолайлы әдістемені таңдап алғанда күн сайын кемінде 20 минут босаңсуға берілуге тырысыңыз. Сіз қанша көп тәжірибе жинақтасаңыз, сіздің босаңсу күйіне жетуіңіз оңай әрі тиімді.
Егер сізде көп түрлі миелома диагностикаланса, сіздің жалғыз еместігіңізді есте сақтаңыз. Пациенттік ұйымдардың немесе қайырымдылық қорларының базасында жиі құрылатын өзара көмек топтарында сізге осындай жағдайда жүрген және сізді түсінетін көптеген миеломасы бар басқа пациенттерден қолдау мен кеңес алуға болады. Осындай топтарда сіз өзіндік тәжірибеңізбен бөлісе де аласыз. Егер сіз тұрып жатқан жерде миеломасы бар пациенттерге арналған арнайы өзара көмек топтары болмаса, қан аурулары бар пациенттерге арналған ортақ топты табуға тырысыңыз. Ондай топтар, көп түрлі миеломаны қоса, қатерлі қан аурулары бар барлық пациенттер үшін ашық.
Егер сізге үйден шығу қиын болса немесе үнемі біреумен тілдесу мүмкін болмаса, өзара көмекке арналған онлайн-топтар да ақпарат беру мен қолдау көрсетудің баға жеткісіз көзі бола алады.
Көп түрлі миелома бар көптеген пациенттер стресс, депрессия және кәсіби медициналық көмекті талап ететін басқа күрделі психологиялық тығырықтарға тіреледі5.
Егер сіз өзіңізді көмекке мұқтаж сияқты сезінсеңіз, міндетті түрде емдеуші дәрігерден сізге сай келетін маманға жолдауды өтініңіз. Егер сіз емдеуші дәрігерге өзіңіздің эмоциялық ахуалыңыз жөнінде жүйелі түрде баяндап тұрсаңыз, бұл оған маманмен кеңесу қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Суреттің авторы – онкологиялық емделуші.
Емдеуші дәрігер сізге өз жай-күйіңізді жақсартуға мүмкіндік беретін дәрілік препаратты тағайындады. Егер сіз оны емдеуші дәрігер нұсқауларына сай қабылдасаңыз, сіздің емдеу режимін қадағалағаныңыз (емдеуге бейілділікті сақтағаныңыз) болып саналады1011.
Дәрілік препарат әсер ету үшін оны тиісті үлгіде және керек уақытында қабылдау керек.
Егер сіз дәрілік препаратты тағайындалуы бойынша қабылдамасаңыз, сіздің емдеу режимін қадағаламағаныңыз болып саналады1112. Бұл мыналарды білдіреді:
Егер сіз емдеу режимін қадағаламасаңыз, мынаны есте сақтау қажет1214:
Емдеу режимін қадағаламау немен байланысты?1112
Емдеу режимін қадағаламаудың көптеген себептері бар.
Сізде емдеу сызбасы күрделі және сізге осы немесе өзге препаратты қашан қабылдау керек екенін есте сақтау қиын болуы мүмкін.
Сізден нақты не талап етілетінін және оны қашан істеу керек екенін түсіну қиын болуы мүмкін.
Сізді болуы мүмкін жағымсыз әсерлер мазалайтындықтан, сіз тағайындалған дәрілік препаратты қабылдамағансыз.
Сізге ауру бақылаусыз және дәрі-дәрмексіз жақсы жазылатын сияқты көрінеді.
Сізге, осымен қатар,
сияқты басқа ауруларды емдеуге арналған препараттарды қабылдауға тура келетіндіктен, Сізге емдеу сызбасын ретпен түсіну қиын.
Әңгіме емдеу режимін қадағалау туралы болғанда қарастырылатын дәрілік препараттар типтері мыналарды қамтиды:
Сіз кейде дәрі-дәрмек қабылдауды ұмытып кетесіз бе немесе осылай болады деп қорқасыз ба? Міне, сізге дәрі қабылдайтын уақыт болғанын еске түсіруге көмектесетін бірнеше пайдалы кеңес.
Таблеткаларға арналған контейнерлер сіздің дәріні қабылдаған-қабылдамағаныңызды қадағалауға көмектеседі. Олар тәулігіне әртүрлі уақытта бірнеше таблетка қабылдап жүрген адамдар үшін пайдалы. Таблеткаларға арналған контейнерді сөмкеге немесе қалтаға оңай салуға болады, сондықтан оны өзіңізбен бірге сапарларға алып жүру ыңғайлы. Таблеткаларға арналған контейнерлерді дәріханалар мен супермаркеттерден табу оңай. Таблеткаларға арналған контейнерді пайдалануды бастар алдында, кейбір таблеткалар ылғалға ерекше сезімтал болғандықтан, фармацевтпен кеңесіңіз.
Осы немесе өзге препаратты қабылдайтын уақыт туралы белгі қойып қою үшін сізге қағаз күнтізбені немесе күнделік пайдалануға болады. Онымен жүйелі айналысуды және әр жолы сіздің дәріні қабылдағаныңызды белгілеп қоюды ұмытпаңыз. Мысалы, сіз оны белгілі бір уақытта немесе белгілі бір міндетті орындау кезінде жүзеге асыра аласыз.
Жолға қойылған тәртіпті орнықтыру маңызды, бұл сізге дәріні қабылдау қажеттілігі жөнінде дер мезгілінде еске түсіруге мүмкіндік береді. Ең бастысы — тура сізге сай келетін әдісті таңдау.
Сізге өзіңіздің ұялы телефоныңызға немесе смартфонда жадынама орнатып қоюға болады.
Дәрі-дәрмекті сіз белгілі бір күнделікті қызметпен айналысып, мысалы, тіс тазалау кезінде де қабылдаңыз. Олар туралы ұмытпау үшін дәрілерді үнемі көзге көрінетін жерде ұстаңыз, бірақ бұл ретте балаларға және үй жануарларына қолжетімсіз орынды таңдаңыз.
Көптеген сіздің достарыңыз және туысқандарыңыз да дәрі-дәрмектер қабылдап жүреді. Сіздерге осы мақсатта бірігу және дәрі қабылдайтын уақыт келгенін бір-біріңіздің есіңізге түсіру ыңғайлы болуы мүмкін.
Сіз жалғыз тұрасыз ба? Сіз досыңыздан және туысқаныңыздан өзіңізге әр таңертеңгілік немесе әр кешкілік еске салатын СМС хабарламасын жіберуді өтіне аласыз.
Тағы да сіздің барлық дәрілеріңізді қабылдау кестесі жазылған үлкен плакат жасап, іліп қоюға болады.
Сіз, күш салуыңызға қарамастан, осы немесе өзге препаратты қашан қабылдау керек екенін есте ұстай алмайсыз ба? Оны емдеуші дәрігермен талқылаңыз. Болжамды түрде, сіздің емдеу сызбаңызды оңайлату мүмкіндігі бар. Мысалы, сізге тәулігіне 2-3 рет қабылдау керек болатын препараттан небәрі тәулігіне бір рет қабылдау керек препаратқа ауысуға болады.
Бұл препаратты қоладну жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакцияларға да қатысты. Жағымсыз реакциялар жөнінде хабарлай отырып, сіз дәрілік препараттардың қауіпсіздігі жөнінде ақпарат жинауға көмектесесіз.