Мағлұматтану — тиімді емдеу жолдарына бастайтын алғашқы қадам.
Осы сайттағы ақпарат сізге аталған ауру жөнінде жалпы түсінік алуға және ең көп таралған сұрақтарға берілетін жауаптарды білуге көмектеседі. Дегенмен де, толығырақ ақпарат алу үшін, бірінші кезекте, өз емдеуші гематолог-дәрігеріңізге қаралу керек екенін ұмытпаңыз.
Көп түрлі миеломаны диагностикалауға арналған талдаулардың бірнеше түрі бар. Бұл ауруды өз бетінше де, бір-бірімен біріктірілімде де қолдануға болатын төменде көрсетілген әдістермен диагностикалауға болады:
Қан талдауы123
Көп түрлі миеломаны көбіне қан талдауларының қорытындылары бойынша диагностикалайды. Аталған ауруды анықтауға мүмкіндік беретін талдаудың негізгі түрі электрофорез деп аталады. Бұл – қан ақуыздарының талдауы. Ол қандағы иммуноглобулиндер (антиденелер) деңгейінің жоғарылауын анықтауға мүмкіндік береді. Қалып шегінен асып кететін деңгейлер көп түрлі миеломаның болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Электрофорез әдісімен талдау үшін несеп үлгісін де пайдалануға болады. Бұл иммуноглобулиндердің бір бөлігінің көптеген жағдайларда несептен табылуына байланысты.
Қан талдауы келесі жайттарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді:
Осы көрсеткіштердің бәрі диагнозды растауға және емдеудің ең тиімді курсын белгілеуге көмектеседі.
Сүйек тінін талдау13
Сүйектердің рентгенограммасы сүйек тінінің өзгерістерін және сүйек зақымдануының (сүйек ошақтары деп аталатын) болуын анықтауға мүмкіндік береді. Бәрінен жиірек сүйек қаңқасының келесі бөлімдеріне рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі:
сияқты басқа бейнелеу әдістерін де пайдалануға болады.
Бұл әдістер, стандартты рентгенологиялық зерттеуге қарағанда, көбірек сезімталдығымен ерекшеленеді, сонымен қатар аурудың басқа ағзаларға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
Сүйек кемігін талдау 123
Сүйек кемігін талдауға арналған үлгіні келесі тәсілдермен алуға болады:
Екі типтің де үлгілері, әдетте, жамбас сүйегінен үлкен ине арқылы алынады. Осындай талдау сүйек кемігіндегі ісік жасушаларының болуын және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Алынған үлгілерді цитогенездік талдау үшін де пайдалануға болады. Ол in situ (FISH) флуоресцентті будандастыру әдісімен орындалады. Бұл талдау миелома жасушаларының ДНҚ-сында белгілі бір өзгерістердің болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл талдау сонымен қатар пайдалы да, өйткені оны емдеудің ерекше тәсілін талап ететін аурудың аса қарқынды ағымын көрсететін генетикалық өзгерістерді анықтауға болады.