JWM құпиялылық саясатының нысаны

JWM құпиялылық саясатының нысаны

Kaz.janssenwithme.com сайтына қош келдіңіз! Бұл сайт «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС меншігінде.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС құпиялылық мәселелеріне үлкен мән береді және сіздерді ақпараттың қалай жиналып, пайдаланылатынымен және қалай жария етілетінімен таныстырғымыз келеді. Бұл Құпиялылық саясаты біздің немесе бізге қызмет жеткізушілердің веб-сайт немесе веб-объектілер (мысалы, мобильді веб-сайт немесе қосымша) (әрқайсысы бөлек алғанда — "Сайт") арқылы жиналатын, басқарылатын немесе бақыланатын, сізге осы Құпиялылық саясатына қол жеткізуге рұқсат беретін ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибемізді сипаттайды. Бізге өзіңіздің дербес ақпаратыңызды бере немесе осы Сайтты пайдалана отырып, сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен және ережелерімен келісесіз.

Осы Құпиялылық саясатының шарттары мен ережелеріне сәйкес дербес деректерді өңдеуге берілетін осы келісім «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС ұсынған дербес деректерді өңдеуге арналған өзге келісімдерге тәуелді емес және сіз «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС сіздің дербес деректеріңізді бір немесе бірнеше келісімдер негізінде бір мезгілде өңдей алатынын түсінуге тиістісіз.

Ақпарат жинау

Сіз ұсынатын ақпарат

Осы Сайттың кейбір бөлімдері сізден кейбір функцияларды (мысалы, жаңалықтар таратылымына жазылу, еңестер/сілтемелердің көрсеткілері) пайдалану немесе нақты бір қызмет түріне (мысалы, конкурс немесе басқа промо-акциялар) қатысу үшін дербес ақпаратыңызды сұрауы мүмкін. Сізге қандай ақпарат міндетті, ал қайсысы қажет болмайтыны туралы ескертіледі.

Біз сіз ұсынған ақпаратты сіз туралы жиналған басқа ақпаратпен (онлайн немесе офлайн) біріктіре аламыз.Біз сондай-ақ оны басқа көздерден, мысалы, басқа Johnson & Johnson басқа компанияларынан, жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінен (соның ішінде жалпыға ортақ әлеуметтік медиа ресурстарының профильдерінен алынған ақпаратты) және басқа үшінші тараптардан алынған ақпаратпен біріктіре аламыз.

Ақпаратты пассивті жинау және пайдалану

Осы Сайтты шарлау кезінде әртүрлі технологияларды қолдана отырып, ақпарат пассивті түрде (яғни сіз бұл ақпаратты белсенді тәсілмен бермесеңіз де) жиналуы мүмкін. Біз және біздің қызмет жеткізуші тараптарымыз ақпаратты әртүрлі тәсілдермен пассивті түрде жинаймыз және пайдаланамыз, соның ішінде:

  • Сіздің браузеріңіз арқылы: Белгілі бір ақпаратты көптеген браузерлерде жиналады, мысалы, сіздің деректер ортасына қол жеткізуді басқару адресіңіз (Media Access Control, MAC), компьютеріңіздің операциялық жүйесінің түрі мен нұсқасы, экранның ажырату қабілеті, Интернет-браузердің түрі мен нұсқасы. Егер сіз Сайтқа мобильді құрылғы арқылы кірсеңіз, мысалы, құрылғының түрі мен сәйкестендіргіші сияқты ақпаратты жинай аламыз.
  • Cookie файлдарын пайдалану арқылы: cookie файлдары — сіз пайдаланатын компьютерде тікелей сақталатын ақпараттың үзінділері. Cookie файлдары браузер түрі, Сайтта өткізген уақыт, қаралған беттер және таңдалған тіл сияқты ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Біз және біздің қызмет жеткізушілеріміз бұл ақпаратты навигацияны жеңілдету, ақпаратты тиімдірек көрсету және осы сайтты пайдалануды дербестендіру үшін қауіпсіздік мақсатында пайдаланамыз. Сондай-ақ біз сіздің компьютеріңізді немесе құрылғыңызды тану үшін cookie файлдарын қолданамыз, бұл сізге осы Сайтты пайдалануды жеңілдетеді. Сонымен қатар біз cookie файлдарын осы Сайттың дизайны мен функционалын үнемі жетілдіру, жекелеген адамдардың оны қалай пайдаланатынын түсіну және онымен байланысты мәселелерді шешуге көмектесу үшін пайдалану туралы статистикалық ақпаратты жинау үшін пайдаланамыз. Cookie файлдары сізге бәрінен де ұнауы мүмкін жарнамалар мен ұсыныстарды таңдауға және оларды тек сіздің осы Сайтта болған кезіңізде көрсетуге мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ тұтынушылардың жарнамаға деген көзқарасын бақылау үшін онлайн жарнамаларда cookie файлдарын пайдалана аламыз. Сіз өз браузеріңіздің нұсқаулығын орындай отырып, cookie файлдарын қабылдаудан бас тарта аласыз; бірақ оларды қабылдамасаңыз, Сайтты пайдалану кезінде кейбір қолайсыздықтарға тап болуыңыз мүмкін. Сіз сондай-ақ бізден өз қызығушылықтарыңыз бен қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін жарнамаларды немесе басқа ұсыныстарды ала алмауыңыз мүмкін. Cookie файлдары туралы көбірек білу үшін мына сайтқа кіріңіз: http://www.allaboutcookies.org.
  • Flash cookie файлдарын пайдалану арқылы: Adobe Flash технологиясын (жергілікті қолжетімді Flash ["Flash LSO"] объектілерін қоса алғанда) пайдалану сізге басқалармен қатар дербестендірілген ақпаратты ұсынуға, осы Сайтқа тұрақты қол жеткізуге және оны пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Сайтты пайдалану туралы ақпарат жинауға және сақтауға мүмкіндік береді. Егер Flash LSO объектілерін өз компьютеріңізде сақтағыңыз келмесе, веб-сайттың сақтау мәндері тақтасының құралдарының көмегімен Flash LSO объектілерін бұғаттау үшін Flash Player модулін реттей аласыз. Сондай-ақ ғаламдық сақтау мәндерінің тақтасына өтіп, нұсқаулықтарды (мысалы, қолданыстағы Flash LSO объектілерін жоюды түсіндіретін нұсқаулықтар болуы мүмкін (Macromedia сайтында "ақпарат" деп аталады), олардың компьютерге (Flash Player 8 немесе одан кейінгі жаңа нұсқалары) сіздің рұқсатыңызсыз орналасуына жол бермеу және Flash LSO объектілерін қалай бұғаттауға болатыны туралы (сіз қарап жатқан парақшаның операторы ондай ақпаратты бермейді) орындау арқылы Flash LSO объектілерін басқара аласыз. Flash Player модуліне Flash LSO объектілерін қабылдауды шектеу немесе азайту мәндерін орнату кейбір Flash қосымшаларының, соның ішінде теориялық тұрғыдан, осы Сайтқа немесе біздің онлайн-контентке қатысты пайдаланылатын Flash қосымшаларының функцияларын нашарлатуы немесе қиындатуы мүмкін екенін ескеріңіз.
  • Веб-тыңдауыш, веб-жарқылдақ, түссіз GIF немесе басқа да осыған ұқсас технологиялар арқылы: оларды Сайттың кейбір беттерінде және HTML форматында электрондық хабарламалар түрінде Сайт пайдаланушылары мен электрондық хабарламаларды алушылардың әрекеттерін бақылау, жарнамалық науқандарымыздың нәтижелілігін анықтау және Сайтты пайдалану статистикасын және жауап берушілердің үлесін жинақтап қорыту үшін пайдалануға болады.
  • Мінез-құлық жарнамасы арқылы: cookie файлдары, веб-тыңдауыш, веб-жарқылдақ, түссіз GIF немесе басқа ұқсас технологияларды пайдалану бізге қызмет жеткізуші тараптарға Сайтқа, басқа веб-сайттарға немесе Интернеттегі веб-объектілерге кірген кезде біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді жарнамалауға мүмкіндік береді. Бұл жеткізушілер веб-тыңдауыш, веб-жарқылдақ, түссіз GIF немесе ұқсас технологияларды Сайтта, басқа веб-сайттарда немесе веб-объектілерде орналастыра алады және Сайтқа, басқа сайттарға немесе веб-объектілерге кірген кезде үшінші тараптың cookie файлдарын орналастырады немесе анықтай алады. Олар сізді қызықтыруы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы жарнамаларды орналастыру үшін Сайтқа, басқа веб-сайттарға немесе веб-объектілерге кіргеніңіз туралы ақпаратты пайдалана алады.
  • IP адрес арқылы: сіздің IP адресіңіз — сіздің интернет-провайдеріңіздің компьютерге автоматты түрде тағайындайтын нөмірі. IP-адрес пайдаланушы Сайтқа кірген сайын біздің сервер файлдарымызда сәйкестендіріліп, автоматты түрде тіркеледі; сонымен қатар кіру уақыты мен қаралған беттер тіркеледі. IP-адрестерді жинау Интернеттегі стандартты тәжірибе болып табылады және оны көптеген веб-сайттар автоматты түрде жинайды. Біз IP-адрестерді Сайтқа кіру деңгейін есептеу, сервердегі ақауларды диагностикалау және Сайтты әкімшілендіру үшін пайдаланамыз.
  • Құрылғы туралы ақпарат: біз құрылғының бірегей сәйкестендіргіші сияқты мобильді құрылғы туралы ақпаратты жинай аламыз.

Біз ақпаратты қалай пайдаланамыз және жария етеміз

Біз сіз ұсынған ақпаратты оны жинау сәтінде көрсетілгендей тәсілмен пайдаланамыз және жария етеміз.

Біз сізден түскен немесе сіз туралы ақпаратты келесі мақсаттарда пайдаланамыз:

  • сұрақтарыңызға жауап беру және сұрауларыңызды орындау үшін, мысалы, сіз сұраған құжаттарды немесе ескертулерді электрондық пошта арқылы жіберу үшін;
  • сізге сізбен арадағы қатынастар немесе Сайт туралы, оның ішінде шарттар, ережелер мен саясаттардың және (немесе) әкімшілік сипаттағы өзге де ақпараттың өзгерістері туралы маңызды ақпаратты жіберу үшін;
  • бизнес мақсаттары үшін, мысалы, деректерді талдау, аудиттік тексеріс жүргізу, жаңа өнімдерді әзірлеу, веб-сайт функцияларын кеңейту, өнімдеріміз бен қызметтерімізді жетілдіру, Сайтты пайдалану тенденцияларын сәйкестендіру, сіз үшін бейімделген өнімдер мен ұсыныстарды беру және жарнамалық науқандарымыздың тиімділігін анықтау арқылы Сайттағы тәжірибеңізді дербестендіру үшін.

Біз сондай-ақ Сайт арқылы жиналған ақпаратты ашамыз:

  • осы Құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттар үшін біздің үлестес тұлғаларымызға. Біздің үлестес тұлғаларымыздың тізімін мына жерден қарауыңызға болады (көру үшін сілтемені басыңыз – 10К нысаны «SEC құжаттамасы» бөлімі, 21 қосымша). «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС бірлесіп пайдаланылатын дербес ақпаратты басқаруға жауапты тарап болып табылады;
  • бізбен бірге тауарларды бірлескен брендпен нарыққа шығаратын үшінші тарап серіктестерімізге;
  • бізге өздерінің қызметтерін көрсету үшін, мысалы, веб-сайт хостингілеу және әкімшілендіру, мобильді қосымшаларды хостингілеу, деректерді талдау, төлемдерді өңдеу, тапсырыстарды орындау, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, ІТ- қызметтер, тұтынушыларға қызмет көрсету, электрондық пошта және дәстүрлі пошта арқылы жеткізілетін қызметтер, кредит карталарын өңдеу, аудиторлық және басқа да қызметтер ұсынатын жеткізушілерге;
  • компания қайта ұйымдасқан, біріккен, сатылған, бірлесіп құрылған, активтер немесе акциялар толық немесе ішінара берілген немесе таратылған жағдайда үшінші тарапқа (банкроттық немесе осыған ұқсас сот процесіне байланысты жоғарыда айтылғанның барлығын қоса алғанда).

Сонымен қатар біз төмендегі жағдайларда ғана Сайтта жиналған қажетті немесе орынды ақпаратты қолданамыз және ашамыз: (a) қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде өзіңіздің тұрғылықты еліңізден тыс жерде қолданылатын заңдарға сәйкес; (б) сот процесіне жәрдемдесу мақсатында; (в) сіздің тұрғылықты еліңізден тыс мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың сұрауына жауап беру үшін; (г) біздің шарттарымыз бен ережелерімізді мәжбүрлі қолдану мақсатында; (д) біздің және біздің үлестес ұйымдардың қызметін қорғау мақсатында; (е) біздің және сіздің құқықтарыңызды, құпиялылықты, қауіпсіздікті немесе мүлікті және (немесе) біздің үлестес тұлғаларымыз бен басқа тараптардың құқықтарын, құпиялылығын, қауіпсіздігін немесе мүлкін қорғау мақсатында; (ж) бізге қолданысымыздағы құқықтық қорғау құралдарын пайдалануға немесе келтірілген залал көлемін шектеуге мүмкіндік беру үшін. Біз сондай-ақ Сайт арқылы жиналған ақпаратты Сіздің келісіміңізбен басқа жолдармен пайдалана және жария ете аламыз.

Біз сондай-ақ жоғарыда "Ақпаратты пассивті түрде жинау және пайдалану" бөлімінде сипатталғандай пассивті түрде жиналған ақпаратты және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқаша әрекет етуге міндетті жағдайларды қоспағанда, кез келген басқа мақсаттарда (мысалы, егер ақпаратпен дербес ақпарат сияқты ақпаратпен жұмыс істеуге тура келетін болсақ) пайдаланамыз және жария ете аламыз. Сонымен қатар біз жеке тұлғаны кез-келген мақсатта сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін нысанда сақталған ақпаратты қолдана және жария ете аламыз. Егер біз жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін нысанда сақталатын ақпаратты жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда сақталатын ақпаратпен біріктіретін болсақ (мысалы, сіздің атыңызды сіздің географиялық орналасқан жеріңіздің атымен біріктіру), онда біз біріктірілген ақпаратты біріктірілген күйінде қалатын уақыт бойына дербес ақпарат ретінде қолданамыз.

Үшінші тараптардың сайттары мен қызметтері

Бұл Құпиялылық саясатының кез келген үшінші тұлғалардың, соның ішінде кез келген Сайтты немесе веб-объектіні (соның ішінде басқалармен бірге осы Сайт арқылы қол жеткізуге болатын немесе осы Сайтта сілтеме жасалған кез келген қосымшаны) басқаратын үшінші тұлғалардың құпиялылығына, ақпаратына және басқа аспектілеріне қатысы жоқ. Біз сондай-ақ кез келген үшінші тұлғалардың құпиялылығы, ақпараты және басқа аспектілері үшін жауап бермейміз. Сайтта кез келген осындай сайтқа немесе объектіге сілтеме жасалса немесе болса бұл біздің немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың ол сайтты немесе объектіні құптайтынымызды білдірмейді.

Қауіпсіздік

Біз өз қолданысымыздағы дербес ақпаратты қорғау үшін әртүрлі ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік шараларды қолданамыз. Интернет арқылы деректерді сақтаудың немесе берудің бірде-бір жүйесі толық қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды. Егер сіз бізбен ақпарат алмасу қауіпті болуы мүмкін деп ойласаңыз (мысалы, егер қандай болмасын кез-келген есептік жазбаңыздың қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр деп күдіктенсеңіз), төмендегі "Бізбен қалай байланысуға болады" бөліміне сәйкес бізге дереу хабар беріңіз.

Таңдау және қол жеткізу

Сіздің дербес ақпаратты пайдалану және жария етуге қатысты таңдауыңыз

Біз сізге маркетингтік мақсаттарда дербес ақпаратыңызды пайдалану және ашу үшін таңдау жасауды ұсынамыз. Сіз келесілерден бас тарта аласыз:

  • Бізден маркетингтік хабарламалар алудан: егер сіз болашақта бізден маркетингтік хабарламалар алғыңыз келмесе, сіз «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС-ға Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев көш., 42, 23А павильон мекенжайына бас тарту хатын жібере аласыз. Жауабыңызда бізге өз атыңызды, бұдан былай алғыңыз келмейтін маркетингтік хабарламалар нысанын (нысандарын) және мекенжайды (мекенжайларды) көрсетіңіз. Мысалы, егер бұдан былай электрондық пошта немесе тікелей пошта арқылы маркетингтік хабарламалар алғыңыз келмесе, бізге хабарласып, аты-жөніңізді және электрондық поштаңызды немесе пошталық мекенжайыңызды көрсетіңіз. Сіз сондай-ақ Сайтқа кіріп, онлайн профиліңізді өзгерту арқылы бізден маркетингтік хабарламалар алудан бас тарта аласыз. Сонымен қатар сіз электрондық пошта арқылы кез келген осындай хабарламада көрсетілген жазылымнан бас тарту нұсқауларын орындай отырып, маркетингтік хабарламалар алудан бас тарта аласыз.
  • Бізден еске салу хаттарын алудан: егер сіз болашақта бізден медициналық сипаттағы еске салу хаттарын алғыңыз келмесе, сіз «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС-ға Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев көш., 42, 23А павильон мекенжайына бас тарту хатын жібере аласыз. Жауабыңызда бізге аты-жөніңізді және бізден еске салу хабарын қабылдап жүрген эл.поштаңызды немесе телефон нөміріңізді көрсетіңіз.
  • Сіздің дербес ақпаратыңызды біздің үлестес тұлғаларға және бөгде серіктестерімізге беру үшін: егер сіз өз дербес ақпаратыңызды болашақта біздің үлестес тұлғаларымызға және (немесе) бөгде серіктестерімізге осы тұлғалардың маркетингтік мақсаттары үшін бергіңіз келмесе, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС-ға Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев көш., 42, 23А павильоны мекенжайына бас тарту хатын жөнелте аласыз. Бізге берген жауабыңызда өзіңіздің дербес ақпаратыңызды серіктестерімізге және (немесе) үшінші тарап серіктестеріне олардың маркетингтік мақсаттары үшін беруге қарсы екеніңізді көрсетіңіз, сондай-ақ атыңыз бен эл.поштаңызды жазыңыз.

Біз сіздің талабыңызды (талаптарыңызды) мүмкіндігінше тезірек орындауға тырысамыз. Алайда жоғарыда көрсетілген тәсілдермен жазылымнан бас тартқан жағдайда біз сізге бұрын үлестес компанияларымызға берілген (яғни сіз бас тартқан күннен бұрын берілген) дербес ақпаратыңыздың олардың дерек қорларынан өшіре алмайтынымызды есіңізге саламыз. Сондай-ақ бізден маркетингтік сипаттағы хабарламаларды алудан бас тартқаныңызбен, маңызды әкімшілік сипаттағы хабарламаларды жіберіп тұратын боламыз, олардан бас тарта алмайтыныңызға назар аударуыңызды сұраймыз.

Дербес ақпаратты қалай көруге, өзгертуге немесе жоюға болады

Егер сіз Сайт арқылы ұсынған дербес ақпаратыңызды қарап, түзетіп, өзгерткіңіз немесе жойғыңыз келсе, Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев көш., 42, 23А павильоны мекенжайына тиісті сұрау жіберу арқылы бізге хабарласыңыз. Біз сіздің талабыңызды мүмкіндігінше тезірек орындауға тырысамыз.

Деректерді сақтау мерзімі

Егер ұзақ сақтау мерзімі қажет болмаса немесе қолданыстағы заңнамада рұқсат етілмеген болса, біз сіздің дербес ақпаратыңызды осы Құпиялылық саясатында көрсетілген мақсаттарға қажетті уақыт кезеңі ішінде сақтаймыз.

Кәмелетке толмағандардың сайтты пайдалануы

Бұл Сайт 18 жасқа толмаған адамдарға арналмаған және біз мұндай адамдардың Сайт арқылы дербес ақпаратын ұсынбауын сұраймыз.

Деректерді трансшекаралық тәсілмен беру

Сіздің дербес ақпаратыңыз бізде объектілері немесе қызмет жеткізушілері бар елде сақталуы және өңделуі мүмкін және біздің Сайтты пайдалану немесе бізге келісіміңізді беру арқылы (заң бойынша талап етілетін жерде) сіз ақпаратты тұрғылықты еліңізден тыс жерде беруге де келісесіз.

Деректердің арнайы санаттары

Біз нақты сұрау салған жағдайларды қоспағанда, біз сізден жеке сипаттағы ақпаратты (мысалы, нәсілдік немесе этникалық шығу тегіңіз, саяси көзқарастарыңыз, діни немесе философиялық сеніміңіз, денсаулығыңыздың жағдайы, жеке жыныстық қатынастарыңыз, соттылық немесе кәсіподақ мүшелігі мәселелеріне қатысты ақпарат) бізге Сайтқа жібермеуіңізді немесе немесе ол арқылы басқа тәсілмен жария етпеуіңізді сұраймыз. Арнайы деректердің санаттары бар ақпаратты, қажет болатын жағдайларда, біз сіздің жазбаша келісіміңізбен сұратамыз.

Осы Құпиялылық саясатының өзгерістері

Біз осы Құпиялылық саясатын өзгерте аламыз. Осы Құпиялылық саясатының соңғы қайта қаралған күнін білу үшін беттің жоғарғы жағындағы "Соңғы жаңартылған күнін" қараңыз. Осы Құпиялылық саясатындағы кез келген өзгерістер Сайтта Саясаттың жаңа нұсқасы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Өзгерістер енгізілгеннен кейін Сайтты пайдалану Сіз қайта қаралған Құпиялылық саясатын қабылдауға келісім бергеніңізді білдіреді.

Бізбен қалай байланысуға болады

Егер осы Құпиялылық саясатына қатысты сұрақтар туындап жатса, бізге хабарласыңыз:

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев, 42, 23А павильоны.

Logo Janssen | Pharmaceutical Companies of Johnson & Johnson