Бұл сайт келушілерге ақпараттық қызмет көрсету үшін қарастырылған. Веб-сайт Қазақстан Республикасы тұрғындарына арналған. Сайт 18 жасқа толмаған адамдарға арналмаған.
Осы Интернет-сайттың бүкіл мазмұны «Джонсон & Джонсон» компаниясының меншігінде немесе бақылауында және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы халықаралық заңдармен қорғалған. Сіз осы Интернет-сайттың (бұдан әрі — «Сайт») мазмұнын тек өзіңіздің коммерциялық емес жеке мақсаттар ыңыз үшін жүктей аласыз. Бұл ретте Сайттың мазмұнын қалай болмасын өзгертуге немесе жаңғыртуға, сол сияқты Сайтта орналастырылған ақпаратты Сайтты пайдалану шарттарында көзделмеген өзге де әрекеттер үшін пайдалануға тыйым салынады. Сайтты пайдалану шарттарында тікелей көзделмеген өзге де жағдайларда Сайттың мазмұнын (контент) толық, сондай-ақ ішінара пайдалануға немесе көшіруге болмайды.
Осы Сайтта ұсынылған ақпараттық өнімдер анықтама беру үшін ұсынылады және медициналық кеңес немесе жарнама болып саналмайды.
Бұл Сайттың иелері ондағы жаңартылған және дәл ақпаратты сақтауға күш салады, бірақ берілген ақпараттың дұрыстығына, қолдануға болатынына кепілдік бермейді, сендірмейді немесе мәлімдемейді. Осы Сайттың иелері Сайтқа кіруден немесе кіре алмаудан туындаған, сондай-ақ осы Сайтта ұсынылған ақпаратқа сеніп қалуға байланысты туындаған кез келген зиян немесе залал үшін жауап бермейді.
Бұл Сайтта гиперсілтемелер немесе басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін, бірақ осы Сайттың иелері ондай сайттардың мазмұны үшін және оларда жарияланған ақпараттан туындайтын зиян немесе залал үшін жауап бермейді. Басқа сайттардың барлық сілтемелері тек осы Сайтқа кірушілерге ыңғайлы болу үшін орналастырылды.
Осы Сайтта көрсетілген тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, фирмалық стиль және өнімдер қорғалған. Компанияның өнімдерін немесе қызметтерін сәйкестендіру жағдайларын қоспағанда, оларды осы Сайт иелерінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Осы Сайтқа берілетін дербес сәйкестендірілетін ақпаратқа қатысты төменде сипатталған Құпиялылық саясаты қолданылады.
Сайт иелері кез келген идеялар, өнертабыс, тұжырымдамалар, технологиялар және ноу-хауды қоса алғанда, электрондық-коммуникациялық кез келген тәсілмен осы Сайтқа берілетін кез келген басқа ақпаратты еркін тәртіппен және кез келген мақсатта пайдалана немесе көшіре алады. Мұндай мақсаттарға үшінші тұлғаларға жария ету және/немесе тауарлар мен қызметтерді әзірлеу, өндіру және/немесе нарыққа шығару жатқызылуы мүмкін. Мұндай мақсаттар келесідей болуы да мүмкін: оларды үшінші тұлғаларға жария ету және/немесе өнімді немесе қызметтерді әлемдік деңгейде және ешқандай өтемақысыз әзірлеу, өндіру және/немесе өткізу.
Кез-келген хабарламаны (сол сияқты ақпаратты) осы Сайтқа немесе осы Сайттың иелеріне жөнелтуші осындай хабарламаның (ақпараттың) мазмұнына, оның сенімділігі мен дәлдігіне жеке өзі жауап береді. Сонымен қатар сіз кез-келген авторлық құқықты немесе зияткерлік меншікке қатысты басқа құқықтарды сатып алу, аяқтау, жүзеге асыру немесе белгілеу кезінде қажет немесе пайдалы болуы мүмкін кез-келген құжаттарды жүзеге асыруға, тануға және сайт иелеріне ұсынуға дайын екеніңізді растайсыз.
Сайт иесі Сайттың мазмұнын еш ескертпестен және аталған әрекеттердің себептерін түсіндірместен кез келген уақытта кез келген себеппен жою, өзгерту немесе толықтыру құқығын өзіне қалдырады.
Егер осы Құпиялылық саясатына қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз:
«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС,
Қазақстан, 050057, Алматы қ., Тимирязев, 42, 23А павильоны.